Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Мәлік Отарбаев: Жазушының жайын шығармасын оқыған оқырманы біледі

Мәлік Отарбаев: Жазушының жайын шығармасын оқыған оқырманы біледі

«Көңілінің кірлегенін жазушының өзі білмесе де сол қаламгердің шығармасын оқыған оқырман сезіп қояды», дейді Мәлік Отарбаев.

    Кейде өзіміз ғой деп ескере бермейміз. Әйтпесе жазушылықты азаматтықпен ұштастыра білетін қаламгерлер көп-ақ. Сондай жазушылардың бірі деп Мәлік Отарбаевты айта аламыз. Мәлік Нұржанұлы жазушылыққа бала күнінен икемді болған. Ол 1980 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданының Ақжар ауылында туған. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Қазақстан Жастар Одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты. «Ақ Жайық» журналының Ж.Нәжімеденов атындағы сыйлықғының лауреаты. «Жалын» журналының Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлығының лауреаты. Сондай-ақ, Халықаралық «Жамбыл» сыйлығының лауреаты.
Жазушы Мәлік Отарбаев осыдан бір жыл бұрын «Бір қайыры бар дүние» деген кітабын арнайы тілегін жазып маған жолдаған болатын. Бұл жазушының екінші кітабы болатын. Әсілі Мәлік Отарбаев замана сырына әбден қаныққан, ең бастысы не жазып жүргенін білетін, өзі өмір сүріп отырған ортамен жан дүниесі түп-түгел араласып, көргені мен сезгенін дөп басып жаза алатын жазушы. Мәлік Отарбаев ҚР Сыртқы істер министрінің Алғыс хатымен, ТҮРКСОЙ ұйымының «Шыңғыс Айтматов» медалімен марапатталған.
Хабардың толық нұсқасын аудио нұсқадан тыңдай аласыздар.