Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Елордадағы №77 мектеп-гимназиясына Фариза Оңғарсынованың есімі берілді

Елордадағы №77 мектеп-гимназиясына Фариза Оңғарсынованың есімі берілді

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен   №77 мектеп-гимназиясына  көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың есімі берілуіне орай «Фариза, Фариза ақын, Фариза қыз» атты республикалық ғылыми-қоғамдық конференциясы өтті.

Конференция барысында Фариза Оңғарсынова есімі жазылған мектеп төлқұжатының, алғаш ашылатын «Фаризатану» кабинетінің таныстырылымы өтіп, лента қию рәсімі болды. Одан бөлек,  «Қаһармандар аллеясында» ағаш отырғызылды.
Конференция Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолы мен елі үшін атқарған қызметін дәріптеп,оқушыларға өлең өнерінің құдіретін таныта, ұлттық құндылықтарды ұлықтау бағытында білім мен тәрбие беру мақсатында өткізілді. Сонымен қатар, шара білім алушылар мен мектеп педагогтері үшін поэзия падишасының шығармашылығын таныту, еңбек жолын дәріптеу арқылы еңбекқорлыққа, шығармашылық ізденіске, туған елі үшін қызмет ету және ұлтжандылыққа тәрбиелеуді көздейді.
    Шараға ақынның ұлы Алмас Оңғарсынов, сіңілісі Алмагүл Оңғарсынова және немерелері,Нұр-Cұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы мен бірқатар қоғам қайраткерлері қатысты.