Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ТАРИХИ ДИСКУРС ПЕН ЖАҢА КӨЗҚАРАС

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ТАРИХИ ДИСКУРС ПЕН ЖАҢА КӨЗҚАРАС

2022 жылдың  11 мамыры сағат 11.00-де  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі №224 Хайыржан Бекқожин атындағы аудиторияда  «ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ТАРИХИ ДИСКУРС ПЕН ЖАҢА КӨЗҚАРАС» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция    өтеді.  

«ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ТАРИХИ ДИСКУРС ПЕН ЖАҢА КӨЗҚАРАС» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция дәстүрлі IX «Бекқожин оқулары» аясында өткізіледі.  

Конференцияға Х. Бекқожиннің туыстары, шәкірттері, журналистика және бұқаралық коммуникация зерттеушілері, журналистика факультетінің оқытушыпрофессорлары, БАҚ мамандары, студенттер мен магистранттары және докторанттар қатысады.

Қосымша ақпарат: Х.Н.Бекхожин (1910-1979 ) – еліміздің журналистика ғылымы мен білімінің ірге тасын қалаушы, көрнекті қазақ журналистерінің бірі. Ол 1929-39 жылдары «Кеңес туы» және «Колхоз» (Павлодар), «Екпінді» (Семей) аймақтық басылымдарында журналистік қызмет атқарды. 1942 жылы ҚазҰУ-дың журналистика бөлімін тәмамдады. 1943 жылдан бастап Отан соғысы аяқталғанға дейін Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газетінде редактор болып еңбек етті. 1945 жылдан өмірінің соңғы сәттеріне дейін  ҚазҰУ-дың большевиктік баспасөз теориясы мен тәжірибесі кафедрасында аға оқытушы, осы жылдың 1-маусымынан факультет деканы, 1948-1976 жылдар аралығында журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі және профессоры болды.  

Х.Н.Бекхожин – ұлттық баспасөзіміздің тарихы бойынша тұңғыш кандидаттық және докторлық  диссертациялар жазды. Докторлық диссертациясын 1964 жылы жарық көрген «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» атты монографиясы бойынша даярлап, ғылыми баяндама түрінде қорғады.  

Х.Н.Бекхожиннің ХІХ ғасырдың басында жарық көрген тұңғыш журнал «Айқап» туралы жазылған зерттеу еңбегі –  Кеңес дәуіріндегі ғылыми айналымға енгізілген үлкен жетістіктердің бірі болды.

Бұл күндері Х.Н.Бекхожиннің бастамасымен 1948 жылы құрылған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика тарихы кафедрасы  2010 жылдың 1 қыркүйегінен Бұқаралық коммуникацияның тарихы мен теориясы деп аталуын өзгертті. Қазір Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы деп аталады.