Бүкілхалықтық референдум – саяси мәдениет негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойғанын білесіздер. Кешегі эфирімізге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағанбетова келіп референдум жайлы жалпы мәлімет берген болатын. Ал осы жолы білім саласында қандай өзгерістер болатынын білу мақсатында ҚР білім және ғылым вице-министрі Ғани Бектайұлын шақырдық.
Еліміздегі жүргізіліп жатқан саяси реформаның негізгі бағыты ол осы халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған. Қоғамда әр түрлі пікір бар. Заңымызды дұрыстап, қарапайым халықтың жағдайына ыңғайлы етпей экономикамыз, мәдениетіміз, біліміміз, елдің әлеуметтік жағдайының дұрысталуы мүмкін еместігі баршамызға белгілі. 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс берейік.
Толық ақпарат үнтаспада.