Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

ТЕМІРГЕ – ТІЛ, ЖАҢҚАҒА – ЖАН БІТІРГЕН

ТЕМІРГЕ – ТІЛ, ЖАҢҚАҒА – ЖАН БІТІРГЕН

 «Сөз киесі»  хабарында біз сөздердің мәні мен мағынасын, шығу төркінін айтып келеміз. Бұл жолы біз тілші-ғалымды емес, қазақтың дәстүрлі қару-жарағын, ұлттық саз аспаптары мен халқымыздың көне тұрмыстық бұйымдарын жаңғыртып, сол арқылы ана тіліміздің рухын асқақтатып жүрген ағайынды темірші ұсталар – Құлментегілердің ұстаханасына баруды жөн санадық. Ағайынды теміршілердің шеберханасында өз қолдарымен жасаған бұйымдардың, саз аспаптары мен  қазақтың жауынгерлік қару-жарақтарының және сауыт-саймандарының қасында тұрып, ұста МАХМҰТ ҚҰЛМЕНТЕГІМЕН әңгімелесуді жөн көрдік.

1-хабарда ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚАРУ-ЖАРАҚ түрлеріне шолу жасадық. Ал алдағы апталардағы хабарларымызда ұлттық саз аспаптары мен халқымыздың көне тұрмыстық бұйымдарын жаңғыртып жүрген Махмұт ұстамен әңгімеміз одан әрі жалғасады.

Хабарды жүргізген журналист Оңғар Құрал.
Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.