Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Сырлы әндер - сырласым

Сырлы әндер - сырласым

«Шалқар шаңырағында» хабарына Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік  ұйымының «Халық қазынасы»мемлекеттік өнер бөлімінің солисті, әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Құмарбек Қалқатай мен «Саз» этно-тобының солисті, домбырашы, «Халық қазынасы»мемлекеттік өнер бөлімінің әкімшісі  Руслан Мақымов келіп, тікелей эфирде сұхбат берді.

Биыл Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл. Осы ретте елордадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік  ұйымы рәміздер күніне орай, «Отан ана» атты үлкен мерекелік шара ұйымдастырды. Еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі болып табылатын - Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған концерт туралы сөз қозғаған студия қонақтары «Қазақконцерттің»осы маусым айында болатын репертуарымен таныстырып, радиотыңдаушыларды 8 маусымда кешкі 19.00-де өтетін эстрада бөлімінің концертіне шақырды. Құмарбек Қалқатайдың да жеке шығармашылық кеші 28-ші маусымда «Қазақстан»концерт залында өтеді. "Сырлы әндер - сырласым" атты жеке концертінде әншіні композитор және актерлық қырынан көруге мүмкіндік бар.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы. Бағдарламаны аудионұсқадан тыңдауға болады.