Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ел астанасында «Еңсесі биік елорда» мүшәйрасы өтеді

Ел астанасында «Еңсесі биік елорда» мүшәйрасы өтеді

Ел астанасының 25 жылдығына арналған республикалық «Еңсесі биік елорда» мүшәйраның қорытындысы қала күні қарасаңында өтеді.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласының шаңырақ көтеріп, босаға бекіткеніне 25 жыл. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қолдауымен, Сәкен Сейфуллин музейінің ұйымдастыруымен қаланың мерейлі мерекесіне орай «Еңсесі биік елорда» атты республикалық мүшәйра жарияланған болатын. Осы ретте «Шалқар шаңырағында» бағдарламасына қатысқан Сәкен Сейфуллин музейінің қызметкері, журналист, ақын Қабиден Қуанышбай: «Ел астанасының 25 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның басты ерекшелігі мүшәйраға ешжерде жарық көрмеген толғаулар, топтама өлеңдері жіберілуі керек. Қазір жеңімпаздар есімі белгілі болды. Ендігі кезекте мүшәйра қорытындысы қала күні қарсаңында жарияланып, марапаттау рәсімі 1 шілдеде Жастар сарайында сағат 15:00-де өтеді» - дейді.

Естеріңізге сала кетсек, 10 жылдан бері өтіп келе жатқан дәстүрлі мүшәйраға талай таланттар қатысып жүлделі болған, биыл да қаламы жүйрік, қарымы қуаттылар жыр додасына белсене қатысуда.

Мүшәйраға арналған хабардың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.