Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Берікбай Сағындықұлы - Кие сөзі (1-хабар)

Берікбай Сағындықұлы - Кие сөзі (1-хабар)

"Сөз киесі" хабарының бұл реткі санында қазақ тіл білімінің, түркологияның білгірі, этимолог және жаратылыстың тылсым құпияларын зерттеп жүрген теолог ғалымның тың ұстанымдары сөз болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, Халықаралық Томсен сыйлығының иегері, кезінде КСРО Журналистер Одағының мүшесі болған Берікбай Сағындықұлымен сұхбат барысында "КИЕ" сөзінің шығу төркінің туралы әңгіме болды.

Берікбай Сағындықұлы «Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Түбіртек теориясы», «Қазіргі қазақ тілі. Лексикология», «Ахмед Йүгінекидің «Һибат-ул хақайиқ» (Ақиқат сыйы) дастаны» сияқты тіл тарихы мен теориясы, түркология салаларында онға тарта жаңа оқу пәндерін қалыптастырып, дәріс оқып келеді. Қазақ тіл білімінің, түркологияның, қазақ филологиясының дамуына зор үлес қосқан ғұлама ғалым. Ал, "Ғаламның ғажайып сырлары" атты діни-танымдық зерттеу еңбегі өз алдына бір төбе.

Хабарды жүргізген журналист Оңғар Құрал.

Толығырақ аудио нұсқада.