Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕЛЕРІ

   Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі,филология ғылымдарының докторы, профессор., “Парасат”, “ Құрмет” ордендерінің иегері Кәрімбек Арыстанбекұлы Құрманәлиевтің 60 жылдық мерейтойына арналған” ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕЛЕРІ” атты халықаралық ғылыми- практикалық конференцияcы болып өтті.


   Тіл ғылымының қазіргі жағдайы мен болашақ зерттеу бағыттары туралы баяндамалар жасалып, қазақ тіл білімінің жеке саласы - сөзжасамның қалыптасу мен дамуы арнайы талқыланды.

    Университет проректоры, академик Дихан Қамзабекұлының модераторлығымен өткен ғылыми жиында Ұлттық ғылым академиясының мүшелері З.Базарбаева, Е.Қажыбек,К.Құрманәлиев, Ш.Құрманбайұлы , сондай-ақ еліміздің жетекші тілші- ғалымдары, профессорлар А.Салқынбай,Ж.Балтабаева, Б. Қасым, Ж.Сүлейменова, Т.Ермекова, Қ.Есенова  және шетелдік ғалымдар баяндама жасады.
  
   Сондай-ақ, ғылыми  іс-шара аясында “ТІЛ ҒЫЛЫМЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫ” қоғамдық ұйым құрылып, оның Төрағалығына академик Кәрімбек Құрманалиев және орынбасарлары болып профессорлар Анар Салқынбай, Жаңалық Балтабаева және Қалбике Есенова бекітілді. Орталық лингвистика мен филология саласы бойынша еліміздегі Докторлық диссертациялық кеңестерге ұсынылатын жұмыстардың қайталанбауын, сала бойынша басым бағыттарын  бағамдап, диссертациялық тақырыптар таңдауды  үйлестіруді көздейді.