Балаға ат қоюдың маңызы

"Отанды сүю" хабарына Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы - Жұманазар Садырханов қатысып, Балаға ат қоюдың маңызы турасында сұхбат берді.
Шариғат шеңберінде және дәстүрімізге сай балаға ат қоюдың өзіндік тәртібі бар. Ата-ананың бала алдындағы міндетіне дәл осы ат қою кіреді. "Сәбилерге пайғамбарлардың есімдерін беріңдер және ең жақсы есімдер — Абдулла және Абдурахман, ең шыншылдары — Харис және Һаммам, ал ең жиіркеніштілері — Харб және Мурра", — деп келтірілген Мұхаммед пайғамбардың сөзі хадистердің бірінде. Осыған қатысты тікелей эфирде сұхбат берген студия қонағы балаға атты кім қою керек? Балаға есім қоярда азан шақыру міндетті ме? Ырымдап ат қоюдың маңызы қандай? Қойылған атты кейін өзгерту дұрыс па, яғни, азан шақырып қойылған есімді өзгерту дұрыс па? Осы және өзге сауалдарға жауап берген Жұманазар Садырханов имаммен тікелей эфирде болған сұхбатты аудионұсқадан тыңдай аласыздар.
Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген жүргізуші – редакторы Ләззат Тиышбекқызы.