Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Қанат Еңсенов: Бұланты шайқасы – халық тағдырын шешкен шайқас

Қанат Еңсенов: Бұланты шайқасы – халық тағдырын шешкен шайқас

"Шалкар шаңырағына" Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Қанат Еңсенов қатысты.


Ұлтымыз үшін ауыр сын болған, ұлт тарихында мәңгілікке қалуға тиіс айтулы оқиғалардың бірі – Бұланты шайқасы. Тарихи шайқастың биыл 295 жылдығы. Студия қонағы 1727 жылы болған Бұланты - Білеуті қазақ халқының тағдыры шешілген шайқастың 295 жылдығына орай 9 шілдеде арнайы шайқас өткен орындарды зерттеу экспедициясына Ақмола облысындағы Қабанбай батыр кесенесінен аттанатындығы туралы айтты.

«Тарихи тұлғалар мен елді қорғаудағы бабалардың ерлігін суреттейтін Бұланты шайқасын, оның маңыздылығын түсіне отырып, халық тағдырын шешкен шайқас деп кейінгі ұрпақ әділ бағасын беріп, зерттелуі тиіс. Жоңғарлар қазақ жерінің шығыс бөлігін, Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірді басып алғанымен қоймай, бар қазақтың қасиеті де киелі мекені саналған Ұлытауға қарай аттың басын бұрғанда болған шайқас тарихтағы шешуші шайқас болды. Ұлытаудың аты әйгілі. Сақ патшалары мекендеген, ғұн көсемдері тәуеп еткен, түркі-моңғолға ортақ Алаша хан, Жошы хан мазарлары, Дешті қыпшақтың астанасы Орда-Базар орын тепкен бұл асыл топырақты иелік еткісі келген сол кездегі дұшпан Ұлытау қазақтың көне саяси орталығы болғандығын жақсы білді. Сол себепті де басқыншылар осы жерді басып алуды басты мақсат тұтты. 1727 жылы 295 жыл бұрын Ұлытау аумағындағы Бұланты – Білеуті өңірінде болған шайқас үш жүздің барлық әскері қатысқан, қазақ халқының тағдыры шешілген оқиға болды », - дейді ғалым Қанат Еңсенов.

Бағдарламаны аудио нұсқадан тыңдай аласыздар.

Бейне нұсқасы @shalqar.fm парақшасында.

Хабарды эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.