Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 30 жыл

«Шалқар шаңырағында» хабарында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Алматы қаласындағы филиалының директоры Омарәлі Әділбекұлы қонақта болды.
Сұхбат барысында қауымдастықтың тарихына тоқталып, мекеменің негізгі міндеттері шетелдегі қазақтардың мәдени-рухани болмысымен қатар, әлеуметтік-экономикалық мәселесіне баса назар аудару, отанымызға оралуға көмектесу турасындағы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, Омарәлі Әділбекұлы өзі басқаратын қауымдастықтың Алматы қаласындағы филиалының негізгі қызметімен таныстырды.