Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Түркияда Таңжарық Жолдыұлына арналған халықаралық әдеби конференция өтті

Түркияда Таңжарық Жолдыұлына арналған халықаралық әдеби конференция өтті

Түркияның Анталия қаласындағы Akdeniz университетінде қазақтың ұлы ақыны Таңжарық Жолдыұлының 120 жылдық мерейтойына орай Халықаралық әдеби конференция өтті. Шараны ұйымдастыруға Халықаралық «Таңжарық-зерттеу қоры» қоғамы, Дүниежүзі қазақтарының даму қоры, Akdeniz университеті, Еуразия Жазушылар Одағы және «Түрік Ошағы» бірлестігі атсалысты.

Конференцияның басты мақсаты- Таңжарық Жолдыұлының өмірдерегі мен шығармашылығын насихаттау, Түрік әлеміне таныстыру, Қазақ-Түрік әдеби, мәдени байланысын нығайтуға үлес қосу.


Шара барысында Түрік тіліне аударылған 22 қазақ ақынының өлеңдері мен өмірбаяны топтастырылған жинақтың тұсауы кесілді (топтастырған М. Мамытхан). «Таңжарық» журналы таныстырылды, Қазақстаннан барған ақындар өлеңдерін оқыды, Таңжарық шығармаларына талдау жасалды, өнер адамдары Таңжарықтың әндерін шырқады.


Түркиядағы белгілі жазушы, ғалым, қоғам қайраткерлері Таңжарық ақынның қиын да қилы өміріне тоқталып, шығармалары, артында қалған бай мұраларына талдау жасай отырып, «Таңжарық Жолдыұлы - Түркі әлемінің ортақ құндылығы» деген бағасын берді.


Таңжарық Жолдыұлы – ақын, 1903 жылы наурыздың 15 жұлдызында Шынжаң Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Күнес ауданындағы Қамысты деген ауылда дүниеге келген. Алғашқы білім жолын туған аулында бастаған, 1922 – 1925 жылдары Қазақстанда Кеген, Нарынқол аудандарында жеті жылдық мектепте оқыған. Қазақ жазушыларының еңбектерімен кеңінен таныс болған. Өзі де өлең жазып, айтысқа қатысқан.


Таңжарық Жолдыұлы Шыңжаңда мұғалім болып қызмет атқарған, «Іле» газетінде редакторлық қызмет істеді. Кейіннен 1940 - 1946 жылдары Қытайдағы солақай саясаттың кесірінен тұтқындалып, түрмеге жабылған. Оның «Жастарыма», «Осы таң кімнің таңы?», «Оқып көр газетімді», «Көңілім қалды, торықты», «Абақтыда кім жатыр?», «Ақын сыры», «Еліме» өлеңдері осы кезде жазылған. «Өткен күндерім» (1942), «Қоштасу» (1941 - 1942), «Қасқыр мен Бөрібасар» (1934 - 1943), т.б. толғау жырлары мен «Назигүл» (1943) дастанының авторы. «Алғашкы жинақ» (Құлжа, 1948), «Армантау» (1974) жинақтары жарық көрген. 1947 жылы ақын өмірден озды.