Қазақ тіліндегі қандай кітаптарға сұраныс бар?

«Шалқар шаңырағында» хабарында қонақта болған «Қазына» қазақ тіліндегі кітап дүкендері желісінің директоры Алмас Шайкен мырза аталған мәселе турасындағы ойларын ортаға салды. Алмас Қабденұлы алдымен қазіргі кездегі «кітап оқылмайды» деген пікірге осы салада біраз уақыттан бері айналысып келе жатқан азамат ретінде жауабын берді. Сонымен қатар, Алмас Шайкен қазіргі уақытта қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе жатқанын жеткізді.