Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

"ЕЛІМ МЕНІҢ — ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН" ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде «Елім менің – Әділетті Қазақстан, бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты салтанатты әдеби кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың, болашақ ұрпақтың әл-ауқаты үшін еңбек етудегі тұрақтылықты сақтау, алда келе жатқан сайлау жоспарымен бөлісу.

Жиын шымылдығын журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы ашып беріп, мемлекетіміздің тұғырлы әрі тұрақты болуы жолында ел болашағына бей-жай қарамай, дауыс беруде дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Жиын барысында 1- курс студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Бірі жүрегінен шыққан жыр шумағымен бөліссе, енді бірі ән айтып, күй шертіп жиылған қауымның көңілін сергітті. Абилкасимова Аяулым, Бақберді Айбану, Бақытбек Дидар, Гельманов Диас, Омар Жанарыс ерекше дауысымен ел есінде қалса, Смадиярова Гүлжайна, Сүнбек Сымбат, Турдали Махаббат, Иса Арайлым әсерлі қойылымымен ерекшеленді. Әрі сайлауалды бағдарламаның негізінде студенттер қойылым қойып, өздері де мемлекет болашағы үшін нақты таңдау жасап, дауыс беретіндерін сол арқылы жеткізді. Сондай-ақ Әден Ислам, Байтілес Нұрдаулет, Көкіман Олжас, Дүйсенов Қуаныш жеке шығармашылығымен бөлісті. Шараға Белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев, белгілі тележурналист Айман Қаймулдина қатысты. Кеш соңы «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасы меңгерушісінің оқу-ісі және тәрбие жөніндегі орынбасары, осы кешті ұйымдастырушы Назкен Жансерікқызының сөзімен, студенттердің «Атамекен» әнімен аяқталды.