Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Желтоқсан көтерілісі жайлы жаңа кітап шықты

Желтоқсан көтерілісі жайлы жаңа кітап шықты

           "Жерұйық" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы мен Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, алаштанушы-ғалым, публицист, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің “Азаттық аңсаған” атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Автор “Азаттық аңсаған” деректі хикаятында  1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі - Құрманғазы Айтмұрзаев турасында ой толғайды. Сол кездегі Алматы қаласындағы Театр және көркемсурет институтының студенті Құрманғазы Айтмұрзаевтың кезінде репрессияға ұшыраған атасы турасында, өзінің достарымен бірге Желтоқсан көтерілісін тікелей ұйымдастырып, түрменің кермек дәмін татқаны жайында және одан кейінгі кезде азаматтық ұстанымын көрсеткен қайсар азаматтың тағдыры туралы сыр шертеді. Сондай-ақ  автор Желтоқсан көтерілісіне қатысты мағлұматтарды да нақты деректермен дәйектейді, желтоқсандық қаhарман кейіпкерінің болмысын ашуға ұмтыла отырып, Желтоқсан көтерілісінің беймәлім қырларын баяндайды.

Кітаптың жарық көруіне демеушілік жасаған кәсіпкер, белгілі меценат, ұлтжанды азамат, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы қаhармандардың бірі,  кітап кейіпкері Құрманғазы Айтмұрзаевтың досы Нұрлан Есқалиев.

Еңбек жалпы тарихшыларға, Репрессия тақырыбына, Желтоқсан көтерілісіне қызығушылық танытқан барша оқырманға, қалың қауымға, жастарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Автор тарихи ақтаңдақтар мәселесін бүгінгі көзқарас тұрғысынан жіті саралаған, жете зерттеген. Кітап кейіпкерінің тағдыр талайы мен тағылымынан жұртшылыққа, әсіресе жастарға алар тәлім жетерлік. Кітап қарапайым тілмен жазылған. Мың дана таралыммен жарық көрген аталған кітап көркем безендірілген.

Кітап үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда "Азаттық аңсаған" деректі хикаяты, екінші тарауда кітап кейіпкері туралы «Серке» деректі фильм сценарийі, ал үшінші тарауда автордың «Желтоқсан қаhарманы» Құрманғазы Айтмұрзаевты насихаттау барысындағы шаралардан материалдар берілген.


Өтетін күні: 9 желтоқсан (жұма), 2022 ж. сағ. 11.00

Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы,

Достық көшесі 11,

Байланыс телефоны: 87775555001