Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Жаңа медиа және әлем

Жаңа медиа және әлем

"Нысана" бағдарламасына ҚР Парламент Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары, Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай сұқбат берді.


Әңгіме алдымен қаңтар оқиғасы жайында басталды.

Қаңтар оқиғасы. Көңілдегі күйзеліс. Санадағы сілкініс:
Қаңтар оқиғасы біздің санамыздағы үлкен бір сілкініс болды. Бұл күндерді еске алу өте қиын. Әрине ол кезде журналистердің өздері абдырап қалды. Мұндай жағдай болады деп ешкім ойлаған жоқ. Бұл тұста ескергім келетіні, біз кәсіби жағынан бұндай кедергіге дайын болмасақ та, тез дағдыланып кеттік. Дәстүрлі медиа халыққа ақпаратты жедел жеткізуге бет бұрды.

БАҚ, кәсіби медиа да қаңтар кезінде үлкен сыннан өтті. Отандық БАҚ есейді: БАҚ туралы жаңа заңды талқылауға «Бас редакторлар клубының» қатысқанын атап кеткім келеді. Бұл тұста бас редакторлар тарапынан кәсіби журналистердің арнайы медиа картасын енгізу ұсынысы айтылды. Негізгі мақсат – журналистердің мәртебесін қарастыру, соның ішінде әлеуметтік жағдайға қатысты демеу.«Бас редакторлар клубы» қандай да бір биліктің тапсырмасымен құрылған ұйым емес. Кәсіби ортада кәсіби журналистердің өз бастамасымен осыдан 15 жыл бұрын құрылған ұйым. Қазіргі күні еліміздің әр түпкіріндегі БАҚ-тың бас редакторлары біздің клубқа мүше. Үш жүзден аса бас редакторлар мен медиа менеджерлер клубтың мүшелігінде. Аймақтағы әріптестерімізбен кәсіби тұрғыдан байланыс орнатуды клуб алдыңғы шепке қойып жүреді.


Бас редакторлар клубы туралы:
Журналистикаға келетін әркім келесі сұраққа нақты жауап берсе екен: «Мен журналистикаға қандай мақсатпен келдім?»... Қазір қоғамды өзгертемін, халықтың жағдайын дұрыстауға себеп боламын секілді үлкен миссиямен және мамандыққа деген үлкен махаббатпен келетіндердің де қатары сиреп барады.
...қазір біз сол 90-шы және 2000-жылдарда болған кәсіби журналистиканың деңгейін жоғалтып бара жатқандаймыз... Сол кездері журналистердің материалдарында запыран болған жоқ.

Бағдарламаның редактор-жүргізушісі Гүлнұр Омарханқызы.

Дыбыс режиссері Нұрзат Рахатұлы.

Бағдарламаның толық нұсқасы сілтемеде.