Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Күлпет

"Нысана" бағдарламасына  жазушы, публицист Шархан Қазығұл сұқбат берді. "Күлпет" романының жазылу тарихын, айтқысы келген ойын, өзіндік пікірін жеткізді.

Жазушы Шархан Қазығұл «Күлпет» романында Қазақстанның социализм дәуіріндегі кезеңінен бастап қазіргі күнге дейінгі тарихын басты кейіпкер Әбужан Райысовтың өмірі мен тағдыры арқылы суреттейді. Көркем шығармада туған жерге деген махаббат пен шынайы патриотизм, қазақ әйелінің адалдығы, ұлттық дәстүрді сақтау сияқты құндылықтарға терең бойлаған жазушы адамзат алдындағы мәңгілік сұрақтарға жауап іздейді.
Автор басты кейіпкердің жан дүниесін ашумен қатар адамның өзін-өзі тануы мен мына жалған дүниенің барлық құпияларын зерттеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Жазушы өзінің философиялық ойларына сүйене отырып, көптеген бүкіләлемдік мәселелерді батыл қозғай білген. Өмірдің мәнін іздеген бас кейіпкер образын сомдау арқылы жазушы туған жердің гравитациялық күшін аша білген. Жалпы роман гуманизм мәселелерін кесек көтере алғанымен де құнды.
Шығарманың тілі шұрайлы, автордың өзіндік стилі бар.

Бағдарламаның редактор-жүргізушісі Гүлнұр Омарханқызы.
Дыбыс оператор Нұрзат Рахатұлы.
Бейне инжинер Нұрқанат Жақыпбай.
Бағдарламының аудио және видио нұсқасы сілтемеде.