Өңірлердегі өзгерістер және заңнама

"Нысана" бағдарламасына "Өңірлердегі өзгерістер және заңнама" тақырыбында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев сұқбат берді.
Сұқбат барысында қуатты аграрлық саланы және өңірлерді дамытудың стратегиялық міндеттерін шешу мәселесі жөнінде сөз өрбіді. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Ауылға көңiл бөлу және оның жағдайын жақсарту – мемлекеттiк мәнi зор iс. Осы орайда, мен бар мүмкіндікті қарастыра отырып, ауыл-аймақты жаңғырту жөнінде шаралар кешенін орындалуына атсалысып, қолдау көрсетуге дайын екенімді жеткізгім келеді, - дейді депутат Ж.Жөргенбаев.
Бағдарламаның редактор-жүргізушісі Гүлнұр Омарханқызы.
Дыбыс оператор Нұрзат Рахатұлы.
Бейне оператор Бекзат Бекайдарұлы.
Бағдарламаның аудио және видео нұсқасы толық сілтемеде.