Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Банкроттық туралы заң: Талап қандай?

"Нысана" бағдарламасына "Банкроттық туралы заң: Талап қандай?" тақырыбында  ҚР Парламенті Сенатының  депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Алмасбекұлы Мәкежанов сұқба берді.

Сұлтанбек Алмасбекұлы: «Біз халықаралық тәжірибені ескере отырып, рәсімдердің 3 түрін енгізуді ұсынып отырмыз.
Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.


Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.

Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады:
1.    банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса;
2.    өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс;
3.    мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болуы;
4.    банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу;
5.    банкроттық 7 жыл бойы қолданылмау қажет.
Сонымен қатар, Заң жобасы қосымша келесіні көздейді:
-    атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін 12 ай ішінде төлемеу өлшемі қолданылмайды;
-    5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін жалпы кіріс критерийлері қолданылмайды.
-    4,9 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады.

Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады.


Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде:

  • Заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер;
  • Кәсіби бухгалтерлер;
  • Заң консультанттары;
  • Аудиторлар.

Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында, мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.

Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады» дейді.

Бағдарламаның редактор-жүргізушісі Гүлнұр Омарханқызы.

Дыбыс режиссері: Айсауле Төрехан.

Бейне рессижер: Бекзат Бекайдар.

Бағдарламаның  толық  аудио және  видео нұсқасы сілтемеде.