"Мыңжылдық махаббат" кітабының таныстырылымы өтеді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығының иегері, шығармалары орыс, испан, неміс, қытай, ағылшын, араб, француз, венгер, түрік, чех және қырғыз тілдеріне аударылған, Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі Сәуле Досжанованың шығармалары көпшілік оқырман қауымның үлкен сұранысына ие.
Жазушының жаңа кітабы "Мыңжылдық махаббат" деген атпен жарық көріп отыр.
Алматы қаласы Орталықтвндырылған кітапханалар жұйесі Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы 2023 жылдың 16 ақпаны, 13.00-де кітаптың таныстырылымын өткізеді.
Сәуле Досжанованың шығармашылығы:
2008 ж. «Жатқа туған бала» (проза)/ «Фолиант» баспасы;
2011 ж. «Арман қала»/ (поэзия) «Қазығұрт» баспасы;
2013 ж. «Үлкен үйдегі үрей» (проза)/ «Жазушы» баспасы;
2014 ж. «Құдіретті қалам иесі»(проза)/«Фолиант» баспасы;
2015 ж. «Менің жалғыз серігім» (поэзия)/ «Дәстүр» баспасы;
2015 ж. «Өгей жүрек» (проза) /«Фолиант» баспасы;
2018 ж. «The tragedy of a bastard»(Көрдемшенің қасіреті «Hertfordshire Press» баспасы, Лондон
2019 ж. «Үлкен Үйдегі үрей» проза «BRK Press» баспасы
2019 ж. «Қасірет пен Тағдыр» роман, «Фолиант» баспасы
2020ж. «Ауылдан шыққан миллионер» проза «Нұрлы Әлем» баспасы,
2020ж. «Үзілмеген Үміт» роман екінші кітап. «Фолиант» баспасы
2020ж. «Үзілмеген Үміт» роман екінші кітап. «Нұрлы әлем» баспасы
2021 ж. «Біртуар» роман. «Ел-шежіре» баспасы.
2021ж. «Жалғыздың жарасы» роман «Принт-Плюс» баспасы