Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

ҚазҰУ-дың ғылыми жетістіктері таныстырылды

ҚазҰУ-дың ғылыми жетістіктері таныстырылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми-технологиялық паркі мен ғылыми-зерттеу лабораториялары жетістіктерін таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.  

Журналистермен жүздесуде ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев атқарылған істер мен айшықты жобалар жайлы айтып берді.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – QS WUR халықаралық рейтингінде 150 үздік ЖОО қатарына енген елдегі және Орталық Азия өңіріндегі жалғыз ірі ғылыми-білім беру орталығы. ҚР Үкіметінің қаулысымен еліміздің жетекші жоғары оқу орнына 2022 жылғы 25 шілдеде зерттеу университеті мәртебесі берілді. ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленді. 2022 жылы Ыстамбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ филиалы ашылып, Алматыда ҚазҰУ базасында МИФИ филиалы құрылды», – деп атап өтті ректор. 

Сонымен қатар университетте 16 факультет, 8 ғылыми-зерттеу институты, 29 ғылыми орталық пен Ғылыми-технологиялық паркі, 97 өндірістік филиалдан тұратын бірегей ғылыми-инновациялық инфрақұрылым қалыптасты. Жыл сайын конкурстық негізде университет ғалымдары іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 400-ден астам ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ жалпы көлемі 8,1 миллиард теңге нысаналы қаржыландыру бағдарламаларын іске асырады.

Ғылыми институттармен және ұйымдармен интеграция күшейтілді, 21 білім беру бағдарламасы енгізілді, 396 магистр мен PhD докторы оқытуды аяқтады. Өнертабыс пен модельге 400 патент пен авторлық куәлік алынды. Қазақстандық ғалымдардың Scopus-та мақалалар саны артты. Оның 58%-ын жыл сайын ҚазҰУ қызметкерлері жариялайды.

Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен танысып, Ғылыми-технологиялық паркі мен ғылыми-зерттеу лабораторияларына барды. Журналистерге қазіргі уақытта ҚазҰУ-да жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Баспасөз туры ҚазҰУ ғалымдарының инновациялық жобаларының көрмесі өтетін Әл-Фараби Ғылыми кітапханасында өз мәресіне жетті. БАҚ өкілдері ғалымдармен сұхбаттасып, атқарылып жатқан ғылыми жобаларды көзбен көруге және өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.

Осылайша, елдің жетекші жоғары оқу орны ғылыми-инновациялық жобаларды іске асыра отырып, университет ғылымын нығайтуға, оның академиялық ғылыми-зерттеу институттарымен интеграциялануына және табысты қызмет нәтижелерін одан әрі коммерцияландыруға ықпал етуде.



Дереккөз: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі