Ораза тағылымы: Сан сауалға оң жауап
Оразаның мағынасы «өзін-өзі тоқтату, тартыну, тыйылу» деген ұғымдарды білдіреді. Демек ақыл-есі дұрыс, балиғатқа толған, ауыз бекітуге қабілетті мұсылман баласы қасиетті Рамазан айы келгенде Аллаға шынайы құлшылық ету ниетімен таң атқаннан күн батқанға дейін ас-судың барлық түрінен, сонымен қатар жыныстық құмарлықтан өзін шектейді, тыяды.
"Отанды сүю" хабарының кезекті шығарылымы Рамазан айының тағылымы мен Оразаның пайдасы турасында өтті. Бағдарламаға Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан қатысып, Ораза жайында айтып берді. Толығырақ аудиодан тыңдай аласыздар.