ҚазҰУ-да Қытай университетінің филиалы ашылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ҚазҰУ-да ашу жөнінде келісімге қол қойылды.
Екі ел Президенттерінің қатысуымен өткен кездесуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо ынтымақтастық орнату және филиал ашу туралы келісімге қол қойды.
ҚазҰУ-да ашылатын филиалда Қазақстан мен Орталық Азиядан келген студенттер білім алады. Филиал ашудағы мақсат – ғылыми бағытта бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу, студент даярлау және оқытушылар алмасу.Филиалда инженерлік, электрондық ғылым мен технология, ІТ және т.б. салалар бойынша бакалавр мен магистратурада білім беру бағдарламалары жүзеге асады. Кейін оқуын аяқтағаннан соң түлектерге екі университеттің дипломы беріледі.
ҚазҰУ Қытайдың 50-ден астам жоғары оқу орнымен серіктестік орнатқан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі