"Талақ" фильмі көрерменге жол тартпақ

«Шалқар шаңырағында» хабарына қонақ болған - белгілі кино режиссер, драматург Данияр Саламат қазақтың классик жазушысы Бейімбет Майлиннің шығармасы желісі бойынша түсірген "Талақ" атты туындысын жақын уақытта көрермен назарына ұсынатындығын айтты.
Туындының жарыққа шығуына елді күштеп колхаздастыру, 20-30 жылдардағы халықтың күн-көрісі мен әйел тағдыры арқау болған.
Фильмде басты рөлдерді актер Ерболат Әлқожа, Амира Омарова мен Аяна Бауыржанова сомдайды.
Толығырақ аудиодан тыңдай аласыздар.