Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

ҚазҰУ Қазақстандық ЖОО-лар рейтингінде көш бастап тұр

ҚазҰУ Қазақстандық ЖОО-лар рейтингінде көш бастап тұр

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі ұлттық жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшылығын кезекті рет айқындай түсті.

Observatory on Academic Ranking and Excellence (IREG) аккредиттелген тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) өткізетін Қазақстанның сұранысқа ие жоғары оқу орындарының 2023 жылғы рейтингі нәтижесінде ҚазҰУ ең көп балл жинаған университет болып танылды.


IAAR рейтингінде өткен жылмен салыстырғанда бірлескен білім беру бағдарламаларысанының 22%-ға өскені байқалады. «Академиялық ұтқырлық» индикаторы бойынша бұл көрсеткіш 15%-ға артқан.

Көшбасшылар үш тігін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бастап тұр (375 132 ұпай). Одан кейінгі орындарда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (256 734 ұпай) мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (135 122 ұпай).



Білім беру бағдарламаларының сандық рейтингі 1600-ден астам білім беру бағдарламаларының және ҚР жоғары оқу орындарының бас рейтингін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы ұлттық рейтингке қатысу білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал етеді. Білім беру сапасыныңнарықталаптарынасәйкестікдәрежесі, оқытушылардыңтанылуыжәне ЖОО-ныңғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігі туралы жұртшылықты хабардар етеді.

«Қазақстан Республикасы ЖОО сұранысының тәуелсіз рейтингі – 2023» туралы толық ақпаратты «Education Quality Assurance» журналынан және rating веб-сайтынан табуға болады.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі