Елімізде "Кітап - аманат" дүкендер желісі ашылмақ

«Шалқар шаңырағында» хабарында қонақта болған "Қазына" қазақ тіліндегі кітап дүкендері желісінің директоры Алмас Шайкен елімізде "Кітап - аманат" дүкендер желісі ашылатындығын айтты. Алмас Қабденұлы алдымен қазіргі кездегі "кітап оқылмайды" деген пікірге осы салада біраз уақыттан бері айналысып келе жатқан азамат ретінде жауабын берді. Сонымен қатар Алмас Шайкен қазіргі уақытта қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе жатқанын жеткізді.