ҚазҰУ Азиядағы үздік 30 ЖОО қатарына қосылды
QS Asia University Rankings халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша, ҚазҰУ Қазақстанда көшбасшылық орынға ие болды. Беделді рейтингте өз позициясын айтарлықтай жақсарта отырып, Азия университеттері арасындағы рейтингте үздік 4%-ға кірді. Бір жыл ішінде университет 15 позицияға көтеріліп, 856 қатысушы ЖОО арасында 29-орынға ие болды.
Жыл сайын жарияланатын QS Asia University Rankings рейтингі Азия университеттерін бөліп көрсетеді. Олардың ішінде ҚазҰУ Бейжің университеті, Сингапур ұлттық университеті, Корея университеті сияқты және т.б. әлемдік университеттермен қатар тұр.
Рейтинг әдіснамасында жаһандық рейтингтің негізгі көрсеткіштері сақталған, сонымен қатар осы аймақтағы университеттер үшін мұқият таңдалған тиімділік көрсеткіштерінің жиынтығы ескеріледі.
QS Asia University Rankings рейтингін жасау үшін 11 көрсеткіш пайдаланылады: академиялық бедел (30%); жұмыс берушілер арасындағы бедел (20%); оқытушылар мен студенттердің арақатынасы (10%); халықаралық зерттеу желісі (10%); мақалаға дәйексөздер саны (10%); оқытушыға мақалалар саны (5%); ғылыми дәрежесі бар оқытушылар саны (5%); шетелдік оқытушылардың үлесі (2,5%), шетелдік студенттердің үлесі (2,5%); кіріс академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің үлесі (2,5%), шығыс академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің үлесі (2,5%).
Университеттің үздік нәтижелері білім беру процесін қамтамасыз ету саласында дәл көрсетілді: осы саладағы екі негізгі индикатор бойынша, оның ішінде оқытушылар санының студенттер санына қатынасы және ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің үлесі, университет сәйкесінше 100-ден 99,7 және 95,1 балл жинады.
ҚазҰУ-дың QS Asia University Rankings рейтингінде қарқынды ілгерілеуі бәсекелестіктің артуы жағдайында университеттің соңғы жылдары атқарған жұмысының айрықша нәтижелерін айғақтайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымын жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
Рейтинг қорытындыларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі