"Қара шаңырақ" романы жарық көрді
Белгілі ғалым, жиырмадан астам еңбектің авторы Мұхитдин Исаұлының "Қара шаңырақ" атты жаңа кітабының тұсаукесері 12-қараша күні, сағат 10:30- да Алматы қаласында (Смарт пойнт, Амфитеатр залы) зиялы қауым өкілдері, танымал тұлғалардың қатысуымен өтеді.
"Қара шаңырақ" атты жаңа роман жарық көрді. Кітаптың авторы белгілі ғалым Мұхитдин Исаұлы. Романда "Қара шаңырақ" ұғымы туралы тереңнен сөз қозғалады. Асылында "Қара шаңырақ" деген түсінік бір үйдің атадан қалған қара шаңырақ дегенді ұғым болса да автор кітабында осы ұғымдарды да терең талдай келе "Қара Шаңырақ" ұғымын "Боз даламен" байланыстырады. Қазақтың осынаң ұланғайыр ұлы даласы задында "Боз" дала. "Боз" сөзі өте көне сөз һәм "ұлы" сөзінен қарағанда терең мәнді білдіреді. Атам қазақта "боз үй", "ақ боз ат", "боз інген", "боз бала" "боз жорға" "боз торғай" ұғымдар бар. Автор осы сөздердің тегін еместігін айта келе асыл сөзді боз даладағы боз үйге тірейді. Өте ерте заманда қазақтың боз даласында боз қала болып сол боз далада қазақтың киіз үйіне ұқсас боз үй болғанын айтып, бүгінгі киіз үйдің негізі содан алынғанын айтып Қара шаңырақ ұғымын соған тірейді. Және автор "Қара шаңырақ" түсінігін мұынмен ғана шектемей тағы "Қара шаңырағы" болғандығын ол қазақтың жерінің түркі жұртының киелі "Қара шаңырағы" екеін алға тартып күндердің бір күнінде ұлы Тұран бірлігі осы боз далада бас қосып ұлы күшке айналатынын айтып, маржан сөздерін төгеді. Бұдан бөлек тағы бір адамзаттың Қара шаңырағы да бар екенін айтып оның көшпелі екенін айта келе түпкі ата қонысы оның да боз дала екенін жазып тереңнен сөз тартады. Кітапта көне түркі жазбалары да сөз болады. Кітап көпшілік қауымға арналады