Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Заманауи баспа ісі: проблемалары және болашағы

Заманауи баспа ісі: проблемалары және болашағы

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Оқырман ұлт» жобасының аясында Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультеті, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы бірлесе отырып «Заманауи баспа ісі: проблемалары және болашағы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырмақ.

Дөңгелек үстелдің мақсаты:
– баспа саласындағы проблемаларды талқылау;
– баспа саласының нарықтағы даму бағытына баға беру.

Жүздесуге зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, жазушылар, баспагерлер қатысады. Дөңгелек үстел аясында «Steppe&World Publishing», «Мазмұндама» және «Отбасы хрестоматиясы» баспаларының кітап жәрмеңкесі өтеді.

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті. 230 аудитория.


Күні: 16 қараша
Уақыты: 11:00

Байланыс телефоны: +7 708 602 34 68