Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ганди атындағы № 92 лицей жүлдегер атанды

Ганди атындағы № 92 лицей жүлдегер атанды

Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылғы 12-13 қаңтарда «Robotek Grand Tournament» робототехника чемпионатының қалалық іріктеу туры Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейде өтті.

Robotek Grand Tournament - оқушылар арасында робототехника бойынша республикалық чемпионат. Чемпионатты өткізудің негізгі мақсаты-спорттық білім беру робототехникасын дәріптеу, Қазақстанда инженерия және робототехника бағыттарын дамыту.  Жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу.
Чемпионатқа қатысушылар (9-17 жас) мына номинациялар бойынша жарысты: «Роботек», «Инверсиялық линиядағы жарыс», «Робот жеткізуші», «Мерген-кіші санат», «Мерген-жоғары санат», «Туды жеткізу», «Робот сұрыптаушы».

Қалалық турдың жеңімпаздары 2024 жылғы 2-3 мамырда Астана қаласында өтетін "Robotek Grand Tournament" республикалық чемпионатына қатысуға жолдама алды. Жарыс қорытындысы бойынша Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің  екі командасы жүлделі орын алды.