Сұңқар радиостудиясы: Қазақстан және Үндістан
Спикер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хореограф, “Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан” кітабының авторы Ақмарал Қайназарова.
Біз көріп жүрген үнді фильмдерінің ырғақты билері мен үнді классикалық биінің айырмашылығы неде?
Бала күнінде әжесінен Рабиндранат Тагор шығармаларын естіп өскен Ақмарал Қайназарова бүгінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, АҚШ, Голливудта «этникалық би» номинациясы бойынша әлем чемпионы – 2003, Үндістанның дәстүрлі өнер түрлерін оқыту бойынша Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының» негізін қалаушы. Осындай белесті бағындыру жолында қандай қызықтыр мен қиындықтар болды? Біз үнді классикалық биі жайында не білеміз?
Бағдарлама жетекшісі: Гүлнұр Омарханқызы
Дыбыс режиссері: Қайсар Ердеш
Дайындаған: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, журналистика және саясаттану факультетінің 3 курс студенті Ұлданай Байұзақ
Бағдарламаның толық нұсқасы сілтемеде