ҚАЗАҚ ӘНДЕРІНІҢ МӘТІНІН ҚАНШАЛЫҚТЫ ДҰРЫС АЙТЫП, ОРЫНДАП ЖҮРМІЗ?

Тегінде қате қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестері ауызекі тілде қаншалықты орын алып жататын болса, баспасөзде, телерадиода, үлкен сахналарда, тіпті көркем әдебиетте те соншалықты қателіктер орын алуы мүмкін. Өйткені сол қате қолданыстағы сөз оралымдары жаппай халықтық үрдіске айналып кетуі де ғажап емес. Ең қызығы жәй ғана дұрыс дыбыстау мәселесі, мысалы, қатаң қ дыбысы ұяңданып, ғ дыбысына айналады, к –г-ге айналады деген ереже өзіміз күнде естіп-тыңдап жүрген әндерімізге де қатысы бар екенін ескере бермейміз, шекара емес шегара деп айтылатыны секілді. Мысалы, Шилі өзен әнін Шилөзен деп айтудың орнына Шилі өзен деп жеке-жеке айтушылар да, Былтыр құлын, биыл тай деген әннің сөзін бұзып, Былтыр құлын, биылдай деп ойланбай айта беретін жас әншілеріміз де кездесіп қалады.
«Әп-әдемі ән еді, пұшық шіркін қор қылды» демекші, әп-әдемі әндерімізді бұзып айтып жүрген әнші-орындаушылар бір сәт өз-өздеріне есеп бере ма екен. Оны қойыңызшы, мысалы 15-20 жастағы ұл-қыздарыңыздың қандай әндерді, қандай әншілерді тыңдап жүргенін білесіз бе? Кейде ұйқасы былай тұрсын, сазы тұрмақ, сөзін түсіне алмай қор болып жатасың.
Енді бұл туралы маманның тұжырымдарына құлақ салсақ.
Талай-талай өнерпазды тәрбиелеп, ақжолтай ақ тілегімен үлкен сахналарға жол сілтеп жүрген ұстаз, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Ағайша Шермұхамбетқызы ИСАҒҰЛОВАНЫ тыңдап көрелікші.
Хабарды жүргізген журналист Оңғар Құрал.
Толығырақ аудио нұсқада...