«ҰЛЫ ДАЛА ДӘМІ» - ҰЛТТЫҚ ЖОБА
Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласында балалар үйіне, көп балалы және ерекше баласы бар отбасыларға ұлттық дәм мен тағамдарға толы «Тарту», еңбек адамдары мен зиялыларға «Сыбаға» атты Наурыз қоржыны тарту етілді.
«ҰЛЫ ДАЛА ДӘМІ» ұлттық жобасы Наурыз мерекесіне жаңа мазмұн беріп, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған.
Бүгінгі «Шалқар шаңырағында» хабарына қатысқан жоба бастамашысы–«AlatauAqparat» медиа холдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы:«Негізгі мақсатымыз–Әз-Наурызды әсіресе, балалар асыға күтетін басты мерекеге айналдыру. Ұлыстың ұлы күнін айрықша атап өтуде жаңа құндылықтармен дәстүр қалыптастыруға өз үлесімізді қосқымыз келеді» – дейді.
Толығырақ аудиодан тыңдай аласыз.