"Ұлттық Құрылтай -2024: Не күтеміз?
"Нысана" бағдарламасына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан сұхбат берді.
"Мені жиі мазалайтын мәселе, материалдық емес құндылықтарды қолға алу. Бұл ойымды ұсыныс ретінде білдірдім. Бір сөзбен айтқанда, материалдық емес құндылықтар – ұлттың иммунитеті! Көзбен көруге, қолмен ұстауға келмейтін, бірақ жаныңмен сезінетін осы құндылықтар болмаса ұлттың жаны жалаңаштанады. Жалаңаштанған ұрпақ рухани азып, ұлттық санасы әлсірейді. Бүгінгі біржыныстылық, педофилизм, зорлық-зомбылық, әке-шешені сыйламау, туыстық қатынастың үзілуі, отбасылық құндылықтардың әлсіреуі, тіпті жемқорлық, сатқындық деген ұғымдар аспаннан түскен жоқ! Сол материалдық емес рухани мұралардан тамыр үзген буынның бойындағы кеселдер", - деді депутат.
Бағдарламаның жүргізуші-редакторы Гүлнұр Омарханқызы.
Дыбыс операторы Назым Еркінқызы.
Бейне оператор Бекзат Бекайдарұлы.
Бағдарламаның толық нұсқасы сілтемеде.