Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

ҚазҰУ студенттері "Шалқар" радиосында қонақта болды

ҚазҰУ студенттері

ҚазҰУ Журналистика факультетінің 1 курс студенттері Алматы студиясын аралап, "Шалқар" радиосында қонақта болды. Болашақ журналистерге қара шаңырақтың аурасы, тікелей эфирдің әсері, студияның жұмыс барыс, жалпы радионың тыныс-тіршілігі таныстырылды. Соның ішінде Үсен Нұрғабыл атты суденттің алған әсерін бөлісіп отырмыз.

"Өмірімдегі кезеңдерді сарапқа салар болсам, былтырғы дәл осы кез бен биылғы күйім екі бөлек. Қалаған оқу орныма, қалаған мамандығыма түсіп, бір жыл оқып та тастадық. Былтырғыдай үміт пен үрейдің ортасындағы дүдамал күйде емес, алдағы күніме сеніммен қарай бастадым. Оған бүгінгі бастан кешкен сезімім де себеп болғандай. Түс қайта білім кемесіндегі сапарластарыммен бірге “Шалқар” радиосына аттандық. Елге белгілі әуе толқынының ұжымы құшақ жая қарсы алғанын да тілге тиек етпесем, адамдығыма сын болар.

Бірінші курстардың практикасы дегеннің өзі қызық екен. Күніміз таныстықпен өтті. Кіммен дерсіз? Өз саласының мамандары – радио қызметкерлерімен, түрлі техникамен, дыбыс жазуға арналған кабинеттермен, тікелей эфирдегі толқынды үзбей ақпарат тарататын динамикалық шеберлікпен. Өзіміз оқыған дүниелерді визуалды түрде көргенде, алдыңғы буынның жұмысымен танысқанда, сондай болуға деген ұмтылыс сезімі ішімде бұлқына жөнелгенін жасырып қайтейін?!
Бұл – бірінші көзқарастан туындаған сезім. Жүзінші, мыңыншы рет қауышқанда да мамандығыма деген құштарлығым осындай болса екен деген аппақ тілегім де бар",
-  Үсен Нұрғабыл.