Отбасылық дәстүрлер дұрыс сақталып жүр ме?
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді қазақ халқы. Отбасында қандай тәрбие көрсе, бала ержеткенде сол тәрбиені қоғамда, өзі жүрген ортасында қолданады.
Ата-анасының мейіріміне бөленіп, жақсы мен жаманды ажыратуды үйреніп, санасына игі мақсаттарды, рухани құндылықтарды сіңіріп өскен баладан нағыз елін, жерін сүйген патриот, адамгершілігі мол азамат қалыптасатыны анық. Бала тәрбиесіндегі дәстүрлер, қалыптасқан әдет-ғұрыптар әр отбасында әртүрлі.
Отбасылық дәстүрлердің дұрыс сақталуы, жұбайлар арасындағы қарым-қатынас, бала тәрбиесі жайлы этнограф Болат Бопайұлы әңгімелеп берді. Толығырақ аудиодан тыңдай аласыздар.
Фото: massaget.kz