ЖАҺАНДАНУ ӘЛЕМІНДЕГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ: ТҮРКІТАНУ. ЛИНГВИСТИКА. ФИЛОЛОГИЯ (1-бөлім)

Таяуда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы және Түркі Академиясының қолдауымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Türk Dil Kurumu мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, аса көрнекті түркітанушы-лингвист РӘБИҒА СӘТІҒАЛИҚЫЗЫ СЫЗДЫҚТЫҢ туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық конгресс ұйымдастырды.
Жиын барысында Рәбиға Сыздық туралы және тіл тағдыры, түркітану мәселелері кеңінен сөз болғандықтан, сол басқосудан жазып алған құнды пікірлерді ортаға салмақпыз.
Конгрестің ашылуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов оқып берді.
Сондай-ақ, жиында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, драматург Нұрлан Оразалин, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова және басқа да ғалымдар сөз сөйледі.
Хабарды жүргізген журналист Оңғар Құрал.
Толығырақ аудионұсқада...