Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Қазақ халқының біртуар дарынды ұлдарының бірі НҰРТАС ОҢДАСЫНОВ 1938-1951 жылдар аралығында Қазақстан Үкіметін басқарып, елдің дамуына ерекше үлес қосқан тұлға. Қазақстан Ғылым академиясының басшылығына Қаныш Сәтбаевтың келуіне де себепші болған осы кісі.

1943 жылы Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданына іссапарға барған Үкімет төрағасы Нұртас Оңдасынов 16 жасар Хакімжан Наурызбаевтың талантын байқап, Украина мен Ресейге оқуға жіберткен. Кейін Хакімжан Наурызбаев қазақ халқының атақты мүсіншісі болды. Ол өзінің естелігінде: «Қайраткер Н.Д. Оңдасынов болмаса, мүсінші Х. Наурызбаев болмас еді» деп жазған екен.
1942 жылдың басында Кенді Алтай, Лениногорға іссапарға келген Оңдасынов білімді, байсалды Дінмұхамед Қонаевты кездестіреді. Кейіннен Алматыға келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Скворцовпен ақылдасып, өзіне орынбасарлыққа шақырттырады. Қонаев он жыл бойы Оңдасыновтың орынбасары болады.
Нұртас Дәндібайұлы 1962-1989 жылдары Мәскеуде тұрып, зейнеткерлік жасында шығармашылықпен айналысып, 6 кітап жазған.
«Қазақ-араб» және «Қазақ-парсы» сөздіктері. «Араб текті қазақ есімдері» мен «Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері» деген кітаптары бар және түрік сатиригі Мехмед Теуфиктің «Бұ адам» кітабын қазақшаға тәржімалаған.

Енді мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасыновтың қазақ тіл ғылымына қосқан үлесі туралы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласындағы Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының Алмалы аудандық төрағасы Құралай Төлегенқызы Мұхамади әңгімелеп бермек.

Хабарды жүргізген журналист Оңғар Құрал.
Толығырақ аудионұсқада...