Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

«ТІЛ БАЙЛЫҒЫ». 1-бөлім

«ТІЛ БАЙЛЫҒЫ». 1-бөлім

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің ұстазы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Байынқол Қалиевпен сөз туралы, сөз астары, сөз төркіні, жалпы тіл байлығы туралы әңгімелескен болатынбыз.


Байынқол Қалиұлы сонау 1966 жылдан бастап қазақ руханиятына қомақты үлес қосып келеді. Ол, ең әуелі, 1966-1986 жылдары жарық көрген «Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігін» құрастырушыларының бірі.

Байынқол Қалиұлының тікелей қатысуымен «Орысша-қазақша және қазақша-орысша терминдер сөздігі», «Өсімдік атауларының орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздігі», «Өсімдік атауларының түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Мұқағали тілі сөздігі» және тағы да басқа бірнеше сөздіктері жарық көріп, халық игілігіне айналды. Әсіресе соңғы жылдары жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» деген том-том еңбектері қазақ тіл танымынан алар орны зор.
Қазір енді Байынқол Қалиұлымен тіл байлығы туралы өткізілген сұхбатты тыңдауға шақырамыз.

Хабарды жүргізген журналист Оңғар Құрал.

Толығырақ аудионұсқада...