МЕДИКЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ РАДИОЖУРНАЛИСТИКАСЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстазы, профессор Клара Қабылғазы мен белгілі радиожурналист-педагог Гүлнұр Омарханқызының «Медиакеңістктегі қазақ радиожурналистикасы (Қазақ радиосы, "Шалқар" радиоарнасы: дәстүр мен жаңашылдық)» атты оқу құралы жарық көрді.
«Медиа кеңістіктегі қазақ радиожурналистикасы (Қазақ Радиосы, «Шалқар» радиоарнасы: дәстүр мен жаңашылдық)» атты оқу құралы - радиожурналистика технологиясының қыр-сырын баяндап, түсіндіретін құрал. Өйткені, компьютерлік мүмкіндіктер арқылы хабардың жасалу жолдары да түрленіп, өзгеру үстінде. Классикалық радио заманауи радиоға айналып, тыңдармандар аудиториясы да артып келеді. Оқу құралы - радиожурналистика саласында жұмыс істегісі келетін маманға жазу стилімен өзіндік мәнер қалыптастыру қажеттігін меңзейтін, деректерді өңдеп, ақпарат дайындауға бейімдейтін, тәжірибеге негізделген еңбек.
Оқу құралы журналистика саласы бойынша маманданатын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға арналған.