ӨРНЕКТІ СӨЗ - ОРТАҚ ҚАЗЫНА

Ата-бабамыздан қалған елдік пен ерлік, атамекен мен туған жер, ұлтымыздың мінез-құлқы, тұрмыс-салты жайындағы қанатты сөздер мен мақал-мəтелдерінің, нақыл сөздерінің қай-қайсысын алсақ та терең ой, тағылымды тәрбиеге толы ой маржандары дерсің.
«Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Тіл - тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар», «Айтылған сөз – атылған оқ» т.б. мақал-мәтелдерді оқығанда немесе Асан қайғының:
Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбіңде жатады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Немесе, ұлы Абайдың:
Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал.
Жамбыл Жабаевтың:
Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар.
Ахмет Байтұрсынұлының:
Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
Қадыр Мырза Әлидің:
«Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тілі» деген оралымды ойлары сөздің құдіретін, сөздің күшін, сөздің магиясын, сөздің рухын білдіреді.
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Тілдік пәндер кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты ТӨЛЕУБЕК ЗАЙСАНБАЕВПЕН өткізілген сұхбатымызда өрнекті сөздің қадір-қасиеті туралы әңгімеледік. Тыңдай отырыңыздар.
Хабарды жүргізген журналист Оңғар Құрал.
Толығырақ аудионұсқада...