"ДУДАР-АЙ" ӘНІНІҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІНЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
"Нысана" бағдарламасына ескерткіштің идея авторлары Жұмаш Мұқышев пен Үміт Алдонғарова және Дүйсен Үкенұлының немересі, Дударайдың тікелей ұрпағы Алма Дүйсенова сұхбат берді.
Қазақтың сүйікті әндерінің бірі – «Дудар-ай» мен оның аңызға айналған кейіпкерлері Дуйсен мен Мәриямға арналған ескерткіш орнатылды. Бұл туынды ұлт мәдениетінің, қазақ пен өзге ұлт өкілдерінің арасындағы рухани байланыстың, сүйіспеншілік пен тағдыр сабақтастығының символына айналған еді.
Ескерткіш – тек бір махаббат хикаясының емес, ел тарихындағы көпұлтты бірліктің көрінісі. Өнер мен махаббаттың тоғысқан тұсы ретінде «Дудар-ай» ғасырлар өтсе де өз мәнін жоғалтқан жоқ.
Мүсін композициясы арқылы авторлар мәңгілік махаббат пен татулық идеясын жеткізуді мақсат еткен. Ескерткіш кәсіпкер Нұрлан Мұқышевтің демеушілігмен тұрғызылды.
Әннің авторы Үлебай Әнетұлы — Тінәлі руының Дәулет атасынан тарайды. Шын есімі — Рахметулла. Әке-шешесінен жастай жетім қалған Үлебайды немере ағасы Нұрмағанбет тәрбиелеген.
Үлебай — ұзын бойлы, ақсары, көзі көкшілдеу, атжақты, көркем кісі екен. Жасынан әзілқой, шешендік өнері бар, өлеңді суырып салып шығарған. Ағаштан түйін түйіп, қол өнеріне де жақын болған.
Бағдарламаның редактор - жүргізушісі Гүлнұр Омарханқызы
Дыбыс режиссері Назым Еркінқызы
Бейне режиссер Ерсұлтан Мейрамханұлы
Бағдарламаның толық нұсқасы сілтемеде