ЖОЛДАУ 2025: ҚАЗАҚСТАНДЫ ТОЛЫҚ ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТКЕ АЙНАЛДЫРУ ЖӘНЕ МЕДИАНЫҢ РӨЛІ
"Нысана" хабарына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы сұхбат берді.
Нұржан Қуантаев: Жас журналистің жаңа бейнесі – бұл технологияны меңгерген, дерекке сүйенген, мультимедиялық және аналитикалық ойлайтын кәсіби тұлға. Егер осы бес дағдыны игерсе, цифрлық дәуірде кез келген медианарықта бәсекеге қабілетті болады. Факультеттің ұйымдастыруымен 17 қазан күні, сағат 10.00-де «Жасанды интеллект дәуіріндегі журналистика мен медиакоммуникация парадигмалары: теориялық және практикалық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференцияға Қытай Халық Республикасындағы Сиань Цзяотун Университетінің Президенті Ву Фэн қатысады. AI журналистика технологияларын журналистикада қолдану бағытында маңызды жиын болмақ.
Жүргізуші – редактор: Гүлнұр Омарханқызы
Дыбыс режиссер: Назым Еркінқызы
Бейне режиссер: Ерсұлтан Мейрамханұлы
Бағдарламаның толық нұсқасы сілтемеде