Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

«Shalqar» радиосына «KAZZINC» компаниясы 20 компьютер сыйға тартты

«Shalqar» радиосына «KAZZINC» компаниясы 20 компьютер сыйға тартты

«Shalqar» радиосына «KAZZINC» компаниясы техникалық мүмкіндіктері мол, заманауи 20 компьютер сыйға тартты. Жаңа компьютерлерді «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Нұртас Солтанұлы арна қызметкерлеріне табыстады.

Шараға радио ардагерлері, серіктестік қызметкерлері, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жаңа құрылғыларға журналистер шын қуанып, алғысын білдірсе, радио ардагері, дауылпаз диктор Аманжан Еңсебайұлы ризашылығын айтып, батасын берді.

Демеушілік жасаған «KAZZINC» ЖШС  және осы компанияның Әкімшілік мәселелер бойынша атқарушы директоры Андрей Павлович Лазаревке ерекше алғыс білдіреміз.