ШӘМШІ ҒҰМЫР
«Сұңқар радиостудиясы» бағдарламасының бұл саны қазақ вальсінің патшасы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен өнеріне арналады.
Студия қонақтары: «Бақыт құшағында» мюзиклінің режиссері, New York Film Academy түлегі Санат Шапашов, «Бақыт құшағында» фильмінің басты рөлін сомдаған театр және кино актері Дәурен Серғазин.
«…Фильмнің соңында біздің басты кейіпкеріміз Дәурен Серғазин: «Сәттер қайталанбайды, кейде сезімге ерік беру керек», – дейді. Яғни дәл осы жерде, дәл осы сәтте өмір сүру керек. Мен осы ойды көрерменге жеткізгім келді», - дейді режиссер Санат Шапашов.
Photo : astana-concert.kz
«Шәмші атамыздың шығармашылығына деген терең зерттеуім, сүйіп тыңдауым, сүйіп орындауым — сол образды бар ынтамен шығаруға тырысқанымның қайтарымы ретінде, осы алғашқы джукбокс жанрындағы мюзиклде басты рөлді сомдау мен үшін бақыт», - дейді театр және кино актері Дәурен Серғазин.
Бағдарлама жетекшісі: Гүлнұр Омарханқызы.
Бағдарламаны дайындап, жүргізгендер: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің 2 курс студенттері Елдара Сағадиқызы және Зарина Амандыққызы.

Дыбыс режиссері: Жадыра Сардарбекқызы.
Бұл бағдарламаның толық нұсқасы сілтемеде.