Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

ЖАҚСЫДАН ҚАЛҒАН ТҰЯҚ. АРЫС БАЙЖАНБАЕВТЫҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

ЖАҚСЫДАН ҚАЛҒАН ТҰЯҚ. АРЫС БАЙЖАНБАЕВТЫҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

"Сұңқар" радиостудиясы бағдарламасы Қазақ радиосының ардагері, дыбыс операторы Арыс Байжанбаевтың өмірі мен еңбек жолы жайында сыр шертті.

Әкесі қазақтың левитаны, әйгілі диктор Әнуарбек Байжанбаевтың берген өнегесі туралы тебірене әңгімелеп берді.
Бағдарламамызлың басты кейіпкері Арыс Байжанбаевтың еңбек жолы жайында "Шалқар" радиосының аға редакторы, журналист, ақын Бақыт Жағыпарұлы ойлы ойын ортаға салды.

Қазақ радиосының  ардагері Арыс Байжанбаев (Байқұлов):
"...Қазіргі жастарға айтарым,   бәрін жақсылықпен ойлау керек. Денсаулықтарының мықты болғаны дұрыс болады. Алдымен ең басты байлық — денсаулық екен,  денсаулығың мықты болса, сен ешқашан қайғырмайсың. Сол үшін алтындай аналарың, әкелерің, аталарың аман болсын!  Солардың арқасында өмірлеріңді сүре беріңдер. Ең бірінші – оқуларың дұрыс болсын,  қолдарыңда қағаздарың болсын!  Сонда ғана сендер өмір бақи өмір сүре аласыңдар" деп аталық батасын берді.

"Шалқар" радиосының аға редакторы, белгілі журналист, ақын Бақыт Жағыпарұлы:
"Арыс ағаның негізгі Қазақ радиосында атқарған жұмысы техникалық бағытта болды. Тарихи орны бар Алтын қордағы жазылған үн таспалардың дені Арыс ағаның қолтаңбасымен қатталған.
Кешегі Ермек Серкебаевтар, басқа да атақты әншілер, Дәнеш Рақышовтардың дауысының барлығын осы Арыс аға өзі үн таспаға жазып, оператор ретінде Алтын қорға өткізген тұлғалардың бірі
".

Бағдарлама жетекшісі: Гүлнұр Омарханқызы.
Бағдарламаны дайындап, жүргізгендер: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,  Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің  2 курс студенттері Айшагуль Кусаинова, Айзере Елеуова.
Дыбыс режиссері: Жадыра Сардарбекқызы.

Бұл бағдарламаның толық нұсқасы сілтемеде