Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

ТІЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ҒҰМЫР (1-бөлім)

ТІЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ҒҰМЫР (1-бөлім)

Иә, бүгінгі әңгімеміз ғұмырын тіл ғылымына, сөздік жасау жұмысына, түсіндірме сөздіктер жасауға арнаған ғалым туралы болмақ. Өз өмірінің 60 жылға жуық уақытын түрлі-түрлі сөздік жасауға, ғылыми монографиялар мен ғылыми мақалалар жазуға және ізбасар шәкірттер дайындауға жұмсаған тіл білімінің адал қайраткері кім деп ойлайсыз?

Басқа еңбектерін айтпағанның өзінде 1974 – 1986 жылдар аралығында жарық көрген 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» автор ретінде қатысып, 8 томының жауапты редакторы болған. Осы іргелі еңбектің өтеуі ретінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған ол – филология ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлы Қалиев ағамыз. Байынқол ағамыз жеке өз авторлығымен жасалған «Өсімдік атауларының түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілі терминдерінің сөздігі», «Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары», «Орысша-қазақша және қазақша-орысша терминдер сөздігі», әріптес, шәкірттерімен бірлесіп ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөз байлығын зерттей отырып жасаған «Мұқағали тілі сөздігі», т.б. сөздіктердің, моногорафиялар мен зерттеу еңбектерінің авторы. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (15 томдық «Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігіне» қосымша) деген том-том кітаптарын да шығарып келеді.

Енді ғылымға, қазақ тілі білімінің дамуына бір кісідей тер төккен ғұлама ғалым, профессор Байынқол Қалиұлымен өткізілген сұхбатымызға кезек береміз. Бірнеше бөлімнен тұратын хабарларымыздың бүгінгі санында Байынқол ағамыз жастық шағы, оқу-білімге, одан ғылымға келу жолы туралы әңгімелейді.

Хабарды жүргізген журналист Оңғар Құрал.

Толығырақ аудионұсқада...