Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қостанай - 107,40FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

ШЕКСІЗ ШЕБЕРЛІК - АМАНЖАН ЕҢСЕБАЙҰЛЫ

ШЕКСІЗ ШЕБЕРЛІК - АМАНЖАН ЕҢСЕБАЙҰЛЫ

Дауыс – адамның ішкі әлемін сыртқа шығаратын ең нәзік құрал. Ал дикция – сол дауыстың айқын, түсінікті әрі әсерлі естілуін қамтамасыз ететін шеберлік. Радио мен сахнада бұл екеуінің үйлесімі – көрерменге немесе тыңдарманға ойды ғана емес, сезімді де жеткізетін ерекше өнер.
Осы орайда қазақ дикторлық мектебінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар аз емес. Солардың бірі – әсем дауысымен талай ұрпаққа рух сыйлаған, қазақ дикторларының атасы атанған, «Шалқар» радиосының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Әнуарбек Байжанбаев атындағы сыйлықтың лауреаты – Аманжан Еңсебайұлы.
Бұл сұхбатта біз Аманжан Еңсебайұлымен дауыс мәдениеті, дикцияны қалыптастыру жолдары және радиожурналистиканың қыр-сыры туралы әңгіме өрбітеміз. Ұзақ жылдық тәжірибесі мен шығармашылық жолы арқылы ол кәсіби диктор болудың талаптары мен жауапкершілігін тереңінен түсіндіреді.

Бағдарлама жетекшісі: Гүлнұр Омарханқызы
Дайындаған: Айгерім Сұлтанғали
Дыбыс режиссері: Жадыра Сардарбекқызы


Фото: baq.kz