Нұр-Сұлтан - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Қазақ радиосының 95 жылдық мерейтойы 28 қыркүйекте тойланады

Қазақ радиосының 95 жылдық мерейтойы 28 қыркүйекте тойланады

28 қыркүйекте Астана қаласында ұлттың үнжарғысы – Қазақ радиосының 95 жылдық мерейтойына арналған шаралар өтеді.

Сағат 10:00-де «Казмедиа орталығында» «Халықаралық байланыстар орнатудағы ұлттық радионың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, отандық БАҚ жетекшілері мен ардагер журналистер, сонымен қатар, Қазақ радиосымен әріптестік байланыс орнатқан шетелдік телерадио мекемелерінің жетекшілері қатысады.

Ал, сағат 16:00-де «Казмедиа орталығының» киноконцерт залында  IV Халықаралық  «Ұлы Дала дауысы»  радиофестивалінің гала-концерті басталады.

Қазақ радиосының төл туындысы - «Ұлы дала дауысы» радиофестивалі 2012 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл ән додасына Қазақстан, Түркия, Ресей, Украина, Беларусь елдерінен 60 үміткер қатысты. Олардың 16-ы жеңімпаз деп танылды.